ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуырда ғана Астана қаласында бокстан жастар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтіп, оған шулық боксшылар да қатысқан еді. Аталған байрақты бәсекеде екі бірдей оғланымыз топ жарып, Азия чемпионы атағына қол жеткізді. Оның бірі — Мадияр Бексұлтанов болса, екіншісі — Бекнұр Батырбек.
Осыған орай, бүгін аудан жұртшылығымен бірге аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қос жерлесімізді темір жол вокзалынан сән-салтанатымен күтіп алып, жеңістерімен құттықтады. Чемпиондардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына алғысын білдіріп білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Бір ғана ауданнан екі жеңімпаздың шығуы Әулиеата өңіріндегі, оның ішінде Шу ауданындағы бокс спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айқындап тұрғандай. Сондықтан да ауданымызда спорт саласына деген қамқорлық бұдан әрі де қарқын ала беретін болады.
Шу ауданы