Бүгін қаламыздың орталық алаңында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Е.Қарашөкеевпен және қала әкімі Б.Орынбековпен бірге қатыстым.
Алдымен, театрландырылған көрініс қойылып, өңір басшысы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Алаңда киіз үйлер тігіліп, арқан тарту, күрес секілді т.б. ойындар ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары «Қоңыр» тобы, «Жігіттер» квартеті, Қырғыз Республикасының халық әртісі С.Садыкова және т.б. өнер көрсетті. Сондай-ақ, концерттен соң аймақ басшысымен бірге киіз үйлер қалашығын аралап, онда қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының мәнін ұғындыратын қойылымдар сахналанды.
Мерекелік көңіл-күй ауаны кернеп, шаһар тұрғындары наурыз тойын қуанышпен қарсы алды.