КӨШЕАРАЛЫҚ ЖАРЫС

2021 жылы 18 наурыз күні сағат 11.30-де Сарысу ауданы Игілік ауылдық округінде ересектер арасында волейбол спорт түрінен көше аралық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Этносаралық татулық пен келісімді қорғауды, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу және спорттық жарыстар және іс-шаралар өткізу арқылы ауыл жастарын спортқа деген қызығушылықтарын арттырып оларға спортпен айналысуға жағдай жасау болып табылады. Аталмыш жарысқа Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасбеков, Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Бердібаев және «Сарысу ауданыны әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Ниязов қатысты. Жеңімпаздарды Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы тағайындаған дипломдармен марапатталды. Жарыс соңында спортшылар сұрақтарын қойып, барлықтарына жауап берілді. Кездесуде санитариялық талаптар сақталынып отырылды, қатысқан адам саны – 36

 

 

Сарысу ауданы