КӨШПЕНДІЛЕР ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ⠀

Торайғыров университетінің ғалымдары Баянауыл ауданының алқаптарында дәрілік өсімдіктерді өсіруді ұсынды.

⠀Виктор Камкин мен Тоқтар Бексейітов зерттеу жұмыстарымен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Зерттеу нәтижесінде біздің аймақта дәрілік өсімдіктердің 194 түрі өсетіні анықталды. Олардың 100-і Баянауыл ауданында өседі. Оларды фитошай жасауға қолдануға болады.

«Қазіргі таңда әлемде экологиялық таза өнімдер сұранысқа ие, олардың ішінде фитошайлар да бар. Көптеген елдерде фитошайлардың негізгінде ұлттық брендтер қалыптасты. Олардың көбі экспорттық потенциалға ие («Эвалар», «Алтайский кедр», «Сибирское здоровье», «Биолит», «Хорст» және т.б). Қазақстанда тек «Зерде» өндірушісі бар. Коронавирус пандемиясы иммунитет көтеретін дәрілік препараттардың сұранысын арттырды», – дейді Виктор Камкин.

⠀Баянауыл ауданының биоалуандылығы дәрілік шаруашылықты дамытуға сеп. Бар қиындық тәжірибенің жоқтығында.

⠀Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық нарықты отандық шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.