Қостанай жұрты, біз сіздермен біргеміз✊
Қостанай облысындағы төтенше жағдай салдарын көріп, кешеден бері алаңдап отырғанымыз рас. Тілсіз жау жолындағының бәрін жайпап жатыр. 100 ден астам үй-жай күлге айналды, орман қорының жартысына жуығы отқа оранды.
Төтенше жағдайлар қызметі, әскери күш жұмылып қолдан келгенін аянбай атқарып жатыр. Мемлекет басшысы мен Үкімет мүшелері де жағдайды кешеден бері бақылауға алды.
Біз әріптестермен ақылдаса келе “Хабар” агенттігі қызметкерлері Қостанайдағы табиғи апат салдарын жою үшін бір күндік жалақыларын аударайық деген ортақ шешімге келдік. Қостанай жұрты, біз сіздермен біргеміз✊
Берік Уәли