Қостанайда сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар молайып келеді
Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі. Аталмыш Жобаға сәйкес еңбек өнімділігін артыру, отандық өндірістегі азық-түлік тауарларының үлесін арттыру, өңделген өнімдердің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн. ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыруды мақсат еткен бұл Жоба жолға қойылғаннан бері қарай көптеген ілкімді жобалар жүзеге асып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар мен зауыттар салына бастады. Бұдан бөлек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қоймалар мен ірі кешендер құрлысы табыспен аяқталды.
Соның бір мысалы ретінде Қостанай облысында ашылып жатқанг сүт пен астықты терең өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын айта кеткен жөн. Аймақта жүзеге асырылып жатқан «Үлкен жоба» бойынша жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алған жаңа тауарлы сүт фермаларының құрылысы жүріп жатыр. Қазір мемлекеттен беріліліп жатқан жеңілдетілген несиелерден пайдалана отырып жұмыстарын бастаған «Восток-1» ЖШС 1200 бас малға арналған жобаны аяқтап жатыр. Компаниялар тобы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, тұқым селекциясымен, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын өндірістерді біріктіреді. Кәсіпорындардан ышғатын тауарлы сүт нарыққа 2025 жылыдң басында шығады деп жоспарланған. «Восток-1» ЖШС бұл зауыты ресми өндіріске түскен кезде тәулігіне 30 тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр екен.
Жалпы Қостанай обылысы бойынша қазіргі таңда «Үлкен жоба» аясында 6 орында тауарлы сүт фермалары салынып жатыр екен. Олардың үшеуі биыл, ал үшеуі 2025 жылы пайдалануға беріледі. Облыс әкімдігі таратқан ресми мәліметке жүгінсек Қостанайда көлемінде 2023 жылы 202 мың тонна сүт өндірілген. Оның 172 мың тоннасы немесе 85%-ы қайта өңделді. Яғни сүт өнімдері алынған. Биылғы 8 айда 165 мың тонна сүт алынып, оның 140 мың тоннасы (84%) өңделген.
Аймақтағы жаңа жобалардың арасында сүт өңдеуші кәсіпорындардың қатары молайып келеді. Қазір құрлысы аяқталуға жақын қалған «Милх» ЖШС, жыл соңына қарай ірімшіктің 20 түрін шығаратын зауытты іске қосқалы жатыр. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 2 мың тонна, бұл өңірдегі ірімшік өндірісінің көлемін бірден 1,5 есеге арттырады дейді жауапты мамандар.
Ерқазы Сейтқали