КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІМІН ТАПТЫ
Ағымдағы жылдың 2 наурызы күні Шу ауданы әкімі мен Бірлік ауылдық округі әкімінің халық алдындағы бірлескен есебінде көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын Бірлік ауылы, Бейбітшілік көшесі №4 мекен жайда орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйде ауыз су тапшылығы туралы мәселе көтерілген.
Аудан әкімі Сакен Арубаев ауыз су мәселесін шешу үшін тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеген болатын.
Бүгінгі күні, Бейбітшілік көшесі №4 мекен жайда орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйге орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылып, толығымен қамтамасыз етілді. Өз кезегінде тұрғандар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі