КӨЗ

Жүрдек поезд қазақтың Ұлы даласы бойындағы үйреншікті жолымен жүйткіп келеді. Үлкен бір станциядан поезге әкелі балалы екеуі кірді. Әкенің жасы елулер шамасында, ал ұлы жиырмадан асқан.
Баласы терезеден сыртқа қарап тұрып:
-Әке, қарашы! Ағаштар бізбен бірге жүріп келе жатыр деп таңқала айқайлайлағанда қатар келе жатқан екі қыз мырс-мырс күлді.
Жас жігіт қайтадан:
-Әке, бұлттар да бізбен бірге көшіп келеді деп қуана айқайлап жас балаша мәз болды. Екі қыздың бірі ақырын ғана жымиып, енді бірі дауысын шығарып күліп жіберді. Ал келесі бір қартаң жолаушы таң қалған кейіппен жігіттің әкесіне:
-Сіз балаңызды жақсы дәрігерлерге көрсетіп емдетіп пе едіңіз деп сұрады. Жігіттің әкесі:
-Иә, біз жақсы дәрігерге қаралып, емделіп келе жатырмыз. Ұлым көзіне ота жасатып алғаш рет әлемді өз көзімен көріп келе жатқаны осы деді.