КӨЗГЕ ШҮКІРШІЛІК ЕТУ!
Ойланыңызшы! Таңертең ұйқыңыздан ояндыңыз. Көзіңізді аштыңыз, бірақ тас қараңғы… Ештеңе көрмейсіз.
«Түн екен» деп ойладыңыз. Сүрініп жүріп жарықты тауып жақтыңыз. Бірақ сонда да тас қараңғы.
«Ток өшіп қалған шығар» деп ойладыңыз. Айғайладыңыз… Анаңыз келді жаныңызға. Бірақ тас қараңғы. Анаңызды да көре алар емессіз.
Сұрадыңыз «Анашым, неге үйдің іші қараңғы?»,-деп. Бірақ анаңыз сізге бөлменің жарық екеніндігін айтты. Ал сіз тек қараңғылықтан басқа еш нәрсені көріп тұрған жоқ едіңіз…
Дәрігерге апарды. Бірақ мамандардың тексерісі нәтижесінде сіздің мәңгі соқыр болатындығыңызды айтты. Енді ойланыңызшы, осы сәтте қандай күйде болар едіңіз???
«Өмір бойы тас қараңғылықты көргенше, өлген жақсы» дейтін шығарсыз? Бірақ осы тас қараңғылықпен қаншама миллиондаған зағиптар өмір сүріп жатыр! Ал сіз дәл осы хатты Алла берген қос көзіңізбен көрудесіз. «Әлхәмдулилләһ!»
Енді шүкір етіңіз де, Раббыңызға кұлшылық қылыңыз!
Алланың берген көзімен тек жақсылыққа қараңыз! Харамнан көзіңізді тыйып, пайдалы ілім оқып, сауапты істер жасауға асығыңыз! Тіпті Алла сізге 5 уақыт намазды парыз етпегеннің өзінде де, Сіз Алланың берген әр бір нығметіне намазбенен, құлшылықпенен шүкір етуге міндеттісіз! Осыны есіңізден шығармай басқаларға да айта жүріңіз, сауап болады.