ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі — ауданда
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге Қаратөбе ауылдық округіндегі
«Kaz Fruk Laym» ЖШС-нің жеміс-жидек сақтайтын мұздатқыш қоймасының және үдемелі бағын көрді.
Шаруа иесімен сөйлесіп, салаға қатысты қолға алынған игіліктер туралы айтқан Тамабек Ғалымұлы кәсіп көзін ашқан әрбір азамат оны соңына дейін жеткізіп, жаңа идеаларды жүзеге асыруы ел экономикасының дамуына әкелетінін атап өтті.