ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, — деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын», — делінген өкімде.