ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ
Медорталық ауруханасындағы спорттық медицина орталығы — бұл спорт кезінде жарақат алған кәсіби спортшылар мен белсенді спорт әуесқойларына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған инновациялық жоба.
Орталық көрнекті травматолог Асқар Баймұхаметов пен бөлімшенің жоғары білікті медициналық персоналының күш-жігерінің арқасында №3 хирургиялық бөлімше (травматология және ортопедия) базасында табысты жұмыс істейді.
Орталықта спортшыларға арналған медициналық қызметтердің толық спектрі бар, соның ішінде тізе, иық, жамбас, тобық, шынтақ және қол буындарына артроскопиялық операциялар, сондай-ақ тез қалпына келтіру және жаттығулар мен жарыстарға оралу үшін әртүрлі спорттық жарақаттарды емдеу.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы