ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН БЛОГЕРЛЕРГЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ
Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында республикалық БАҚ өкілдері мен блогерлерге баспасөз туры өтті. Орталық жақын арада пайдалануға беріледі.
Ядролық медицина орталығы циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұрады. ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығының бірегейлігі оның өндірістік кешенінде жатыр, онда ПЭТ – диагностикада пайдаланылатын GMP стандарттары бойынша 9 радиофармпрепарат препараттарының үлкен желісі өндірілетін болады. Олар ПЭТ-диагностикасына қолданылады, бұл диагноз қою қиын обыр ауруларын, сондай-ақ кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді. Бұл препараттардың 8-і бұрын Қазақстанда өндірілмеген.
Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешенінің бастығы Индира Тлеулесова баспасөз туры барысында журналистерді циклотронды кешеннің жұмысымен таныстырды.
«Ядролық медицина орталығының бірегейлігі – оның өндірістік кешенінде. онда ПЭТ-диагностикада қолданылатын GMP стандарттары бойынша 9 радиофармпрепараттар желісі өндірілетін болады»,- деп түсіндірді ол.
Диагностикалық блокта Ядролық медицина орталығы басшысының м.а. Айгүл Садуақасова бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді сезімталдығы жоғары позитронды эмиссиялық компьютерлік томографпен (ПЭТ/КТ) таныстырды.
«Диагностикалық блоктың негізі – бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді сезімталдығы жоғары позитронды эмиссиялық компьютерлік томограф (ПЭТ/КТ сканері). Жоғары сканерлеу жылдамдығына ие аппарат сонымен қатар ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттерді толығырақ қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Орталық Азия мен ТМД елдерінде бұл аппараттың баламасы жоқ» — деді А. Садуақасова.
ПЭТ/КТ медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрігердің жолдамасы бойынша және онкология бойынша есепте тұрған қазақстандықтарға қолжетімді. Ядролық медицина орталығының ашылуы пациенттердің зерттеулерге кезегін анағұрлым азайтуға (қазір пациенттер зерттеуге 3-4 ай бұрын жазылады) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің ПЭТ/КТ зерттеулерінің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.