ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕГІ ЕМДІК ЖҮЗУ
Емдік жүзудің ерекшелігі — ағза судың ішінде орналасып, қозғалуы. Шипажайда емдік жүзу көптеген зат алмасу ауруларына, жүрек-қан тамырлары, тірек-қимыл, жүйке және басқаларға тағайындалады.
Нәтижеге қол жеткізу үшін 8-10 күн барысында күн сайын жаттығу керек. Басқа шипажайлық-курорттық процедуралармен, диеталық тамақтанумен және минералды суды қабылдаумен үйлестіргенде, ағзаны сауықтырудың ең жоғары нәтижесіне қол жеткізіледі.
«Қазақстан» шипажайының бассейні — емдік жүзу үшін тамаша орын. Онда шипажайлық-курорттық емдеуден бастап оңтайлы сауықтыру әсеріне қол жеткізу үшін барлық талаптар сақталған. Бассейн — шипажайдың визиттік картасы. Бассейн ғимараты қазақ киіз үйі ретінде стильдендірілген: оның дөңгелек пішіні және күмбезді төбесі бар. Үлкен панорамалық терезелер жақсы жарықтандыруды қамтамасыз етеді және айналадағы шипажай саябағын тамашалауға мүмкіндік береді.
• Жылдың кез келген уақытында бассейнде су мен ауаның жайлы температурасы
• Ыңғайлы және қауіпсіз суға түсу жабдықталған
• Бассейн ыдысының айналасында демалуға арналған шезлонгтар орнатылған
• Барлық ниет білдірушілер үшін аквакешенде сауна жұмыс істеді
Шипажай терапевттерінің айтуынша, емдік жүзу нәтижесінде пациенттерде бұлшықет тонусы жоғарылайды, дене салмағы төмендейді, ұйқы қалыпқа келеді, иммунитет күшейеді, бұлшықет кернеуі төмендейді, сондай-ақ көңіл-күй де жақсарады.