ҚР Президенті Қарағанды облысының тұрғындарын марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының бірқатар тұрғындарын Қазақстан Республикасы алдындағы елеулі жетістіктері мен ерекше қызметтері үшін марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы № 1030 Жарлығымен:
«Құрмет» орденімен «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева;
«Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда марапатталды.

Жомарт Шаймұрат