ҚР СІМ-нің ресми жауабы
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында қоғам қайраткері Өмірхан Алтын Қытайдағы қандас-тарымыздың мәселесін Елбасының алдында көтерген болатын. Президент бұл мәселемен айналысу үшін Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берген. Ал ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің мәлімдемесінде: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігіне, басқа тиісті ведомстволарға мәселе көтерілсе, оны егжей-тегжей екі жақты қарастыру жөнінде нақты тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау барысында бізге ресми түрде мәлімет түссе, міндетті түрде Қытай тарапымен, олардың Сыртқы істер министрлігі, басқа да мекемелердегі әріптестерімізбен мәселені көтереміз. Қазақ диаспорасының шетелдегі мүдделері мен құқықтарын қорғау — бұл біздің тікелей міндетіміз», — деген болатын.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы мәселеге қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Әбдірахмановқа бірнеше сауал жолдаған еді. Қытай үкіметімен түсінісуге тырысып жатқанын, қам-қарекетсіз отырмағанын мәлімдеп, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын атап өткен министрлік берген ресми жауап төмендегідей:
• Соңғы уақытта Қытайдан келіп, Қазақстан азаматтығын алғандардың Қытай билігімен арадағы мәселелер жиі көтерілуде. Қазақстан азаматтарының Қытайда ұсталғандығы жайлы Сыртқы істер министрлігіне жолдаған ресми шағымдар саны да артуда.
• Министрлік келіп түскен шағымдар негізінде Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қытай аумағында қамауға алынған Қазақстан азаматтары жайлы тиісті ноталарды жолдай отырып, ҚР азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.
• Министрлік басшылығы Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Ханьхуэй және Қытайдың Қазақстанда-ғы консулы Лю Цзянпинмен бірқатар кездесулер өткізіп, оларға қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Министрліктің ұстанымын жеткізді.
• Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан аза-маттығын алып, Қытайдың азаматтығынан шық-пағандықтан туындайтын қос азаматтық мәселесі бойынша Қазақстанның құзыретті органдарының ұстанымдарын сұратуда. Одан басқа, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі шұғыл мәселелерді шешу мақсатында Қытайдың құзыретті органдарының өкілдерімен тікелей байланыс орнатты.
Ермек Сахариев