ҚР Ұлттық ұлан күніне орай «Ұлттық ұланның мерейі»
1992 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды.
1995 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар «Республикалық ұлан туралы» Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатыны және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.