Криптовалюта айналымға неге енбей отыр?

Бұл жайлы өз пікірін білдірген кәсіпкер-маман Айдын Құндақбаев: «Криптовалютаның болашағы зор. Мәселен, оның көмегімен аз инвестициямен капиталыңызды 10 немесе одан да көп есе арттыра аласыз. Криптвалюта — криптографилық элементтерді қолдана отырып пайда болған математикалық код.

Өлшем бірліктері койн деп аталады (coin). Былайша айтқанда тиындар (монеталар) десе де болады. Ол валюта қазіргі ақшаға ұқсас әрі түрлері де көп. Шамамен 1300-ден астам түрі бар. Бұған байланысты ақпаратты https://coinmarketcap.com/ сайтынан көруге болады.

Ең бірінші криптовалюта — Биткойн. Қазіргі таңда танымал болып келе жатқан түрлерінің бірі  Ethereum, Litecoin, ripple және т.б. Ал, биткойн —әлемдегі алғашқы орталықтандырылмаған сандық валюта. Мұны 2009 жылы Сатоша Накамото ашқан. Бұл валюта бұрынырақ құрылған электронды валюталарға ұқсамайды. Оның физикалық активтерге немесе бір ресми валюталарға байланысы жоқ. Бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа тікелей байланысты. Бұл  дүниежүзілік төлем жүйесі.

Яғни адамдар өзара банктен тыс бір-біріне биткойн жібере алады. Пайызы банктерге қарағанда өте төмен, кейде болмауы да мүмкін. Мұнымен қатар, биткойн жүйесінде басқару және өңдеу орталығы жоқ. Биткойнды пайдаланғандар ешқандай салық төлемейді. Биткойн және альткойндардың бағасына әсер ететін негізгі фактор  сұраныс пен ұсыныс көлемі. Мұнымен қатар, оларға әртүрлі саяси, экономикалық жаңалық әсер етіп отырады.

Биткойнда орталықтандырылған басқару жүйесі (Банк, Үкімет деген секілді) жоқ. Комиссиясы аз, кез келген уақытта қалаған жерге аудара аласыз. Банк керек емес. Оған ішкі саяси және халықаралық қақтығыстар әсер етпейді. Әлемде неше түрлі қақтығыстар болса да, биткойн виртуалды өмірін жалғастыра береді. Бірақ, банк саласына кері әсерін тигізетіндіктен, бұл валюта әзірше толық айналымға енген жоқ. Бірақ қазір оны Жапония, Австралия және т.б көптеген мемлекет ресми түрде қолданып жүр. Бүкіл мемлекет қазір blockchain технологиясына қызығушылық білдіріп отыр. Жуық арада бір жүйеге келіп, пайдасы арта түседі деп ойлаймын.»,— деген түсіндіреді.