ҚТЛ оқушыларының тәуелсіздік тойына «тартуы» (Видео)

Әлеуметтік желілерде Қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ел тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына орай өзіндік «тартулары» кеңінен насихатталып жатыр. Әр видеода ҚТЛ-дың өнерлі жеткіншектері өздерінің өлеңдерін оқып, келесі бір лицейге эстафета ретінде жалғастыруды тапсырып отыр. Қарағандылықтар бірінші болып қолға алған бастаманы бүгінде Жезқазған, Астана, Көкшетау және Қостанай ҚТЛ-дерінің оқушылары жалғаса, бүгін назарларыңызға Қызылжар өңірінің лицей оқушыларының жасаған бейнебаянын ұсынып отырмыз.