Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз ету
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №67 мекемесі басшылығымен кадр қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Қорғаныс істер министрлігінің Тараз қалалық әскери — техникалық мектебінің »жеке құрамымен кездесті.
Кездесу мақсаты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдары бар екендігі және жабдықтау. Сұхбат барысында әскери қызметін өтеуші азаматтарға ҚАЖ органдарының негізгі қызметі — Қамаудағы және сотталғандардың қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алатындығын, Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етумен байланысты екенін айтып. ҚАЖ органдарына жұмысқа тұру үшін қойылатын талаптар: білімі орта, арнайы-орта, жоғары, сертификаттың болуы (орта басшы құрам), жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес азаматтар мен азаматшалар жұмысқа тұратындығын айтып түсіндірілді.