КҮЙЕУ БОП БАРҒАНДА..

Біздің елде құда түсіп айттырылған қалыңдығын әкелуге барғанда
бала күнімізде бойжеткен әпке апаларымызды ұзатарда ауылға күйеу құда келетін осы күніде төменде жазылатын үрдістердің біразы сақталған.
Құрамы бас құда қоржын құда депте аталады.
Келін алатын үйдің құрмет тұтатын ағайын
құда,нағашы кісіні жібереді екінші құда күйеу жолдас күйеу жолдасқа жақындарының әдепті барған жерде ұятқа қалдырмайтын отырыста жөн
жосықты біліп салт-дәстүрден хабара бар жігітті таңдайды күйеу бала күйеу құда жіберетін үй қоржын дайындайды. Қоржынға салт-дәстүрге байланысты берілетін киімдер, тауарлар, тоғыздар ілу, әшекей бұйымдар салып дайындалады. Құданың қалтасына тауар салады және тартылған құда табаққа біраз ақша береді күйеу жолдас пен күйеу баланың қалтасынада тауар орамал салады және тартылған күеу табаққа салатын ақша береді.
Күйеу жолдас пен күйеу бала бастарына тақия кию міндетті болған қайын жұртқа құрмет қыз ұзататын үй белгіленген күні дайындалып сол үйдің ет
жақындары үлкен кішісі көрші қолаң таңертеңгілік күйеу құда келетін үйге жиналады. Құдалар келгенде алдынан шығып қарсы алып үйге кіргізіп төрге отырғызып бата жасалады ал күйеу бала мен күйеу жолдас үйден алыстау көрінетіндей жерде тұрады. Сол жерде аз уақыт тұруы шарт
Құдаларды жайлап болған соң қыздың екі жеңгесі біреуі күйеу қабылдайтын үйдің келіні.
Әр атқарылатын іс алдын ала ойласып кім баратыны белгіленіп қояды сол үйге жақын отбасылар қыз ұзату тойында атаусыз қалмауы керек күйеу жолдас пен күйеу бала тұрған жерге барып амандасып екеуін күйеу түсетін үйге апарады күйеу түсетін үйге сол ауылдың жастары қыз
жігіттер барып қонақтармен танысып емін
еркін отырып ән салып көңіл көтеріп отырған.
Күйеу жолдас пен күйеу бала түскен үйдің төріне шықпай оң жақта отырады киіз үйде болса күлдіреуштен аспауы керек. Олардың бір атқарар міндеті сол үйге бірінші рет келген кісіге ол үлкен болсын бала болсын екінші рет қайта кірсе тұру міндет емес құрмет ретінде орнынан тез тұрып қарсы алады жасы үлкен кісі болса күйеу жолдас бастап соңынан күйеу бала қосқолдап сәлемдесуі керек. Келген кісі отырыңдар деп айтпайынша отыруға ұлықсат жоқ осы шарттарды орындамаса ауызы батыр кісілер қатты сөздер айтып тастайтын еліңе сөз келеді. Сондықтан бұл шарттарды бұлжытпай орындау керек. Мұны үйінен шығар кездері үлкендер күйеу мен жолдасына үйретіп орындау керектігін қатаң тапсырады сол үйде жастар тамақтанып әзіл
қалжыңдасып
көңіл көтеріп ән салып емін
еркін отырады.
Күйеу түскен үйге қымбат киім тауар орамал беріледі күйеу жолдастың қалтасына салынған тауар мен ормалды қыз ұзататын үйдің жақындарының келіні алады.
Қайын атаның үйіндегі тамақ дайын болған соң күйеу жолдас пен күйеу баланы екі жеңгесі ертіп құдалар отырған үйге әкеліп үйге кірерде шоққа май түтетіп отқа құйып биссимилла деп сонан соң оң аяқтпен үйге кіргізіп үлкендерге сәлем бергізеді кейін жастар көрші үйде не келесі бөлмеде отырып тамақтанады. Тартылған әр табаққа ақша салып отыруы шарт құда күту. Келген құдаларды сынап отырады. Бұрыннан келе жатқан құдалар орындайтын міндеттер мен шарттар осылар. Кейбір шарттар ауырлауда келеді
Қыз алу оңай емес сондықтан жаңа құдалардың айтқанын орындау міндет. Кейбір ауылдың құда күтуі ауырлау болса кей ауылдың құда күтуі қиындау бола бермейтін. Шарттар жақсы бата беру қалтаға салынған тауарларды беру
құданың қалтасын қарау деп аталады сол үйге жақын отбасының әйелі қалта қарауды алады тартылған табаққа ақша салу сол ауылдың қалжың құмар кісілері құдаларды әурелеп жататын. Керегеден құданы бақанмен түрту әрекеттер
Оның жолын жасалуы керек.
Бұл үрдіске орамал немесе ақша беріп құтылады сол күні қыз ұзататын үйде той болып халықтың батасын алады.
Той соңына таман қоржын ашылып қоржынмен келген дүниелерді керегенің басына көлденең бақан қыстырылып қоржыннан шыған дүниелерді іліп қояды ел түгел көруі керек
әйелдер отырған жерде қоржын ашылады қоржын ашылып ілу ілініп қоржыннан берілетіндерге тиесілі дүние беріліп шапан жабылатын кісілерге жабылады және бір айта кетер дәстүр —
АУЫЛ АЙБАТЫ
деген болады.
Бұл сол әулеттің беделді абыройлы кісінің отбасына беріледі бұл
әулеттің ағайынның бірлігін ынтымағын білдіретін бір кісіге бағынып ауыз-біршіліке шақыратын үрдіс қоржыннан берілуі тиіс дүниелер беріліп болған соң
БАС құда сол жерге шақырылып отырған жұрт қоржынның бағасын береді. Сонан соң үлкендер жағынан бата жасалады сол түні құдалар күйеу жолдас күйеу бала сол үйде болып жастар отырысы болады қызды таңда ұзатады.
Қызды ұзатарда жақсы киімдер кигізіп басына қызыл орамал тартып ата
әжелеріне ата
анасына жақындары жиналып отырған үйге әкеліп көрістіреді Құдалар мен күйеу жолдас күйеу бала үйге кіріп отырады. Сонан кейін үлкен атасы мен әжесі және қыз әкесі жастарға батасын береді. Жастар батаны түрегеліп тұрып алады бата жасалған соң күйеу жолдас пен күйеу бала сол ауылдан не үйден шығып алыстау жерге дейін жаяу баруы керек бұл ауылға қайын-жұртқа деген құрмет сыйластық. Күйеулер кетерде Күйеу аттандырар деген салт бар. Оныда сол үйге жақын бір үйдің келіні реттерімен алады құдаларды шығарып салған соң ұзатылатын қызды сол ауылдың жастары жеңгелері сіңілдері болып үйден алып шығып
ауылдан не үйінен біраз жер жаялап шығып көліктеріне отырғызып жібереді.
Құда күйеу келген атқарылар жұмыстар мен алатын реттер болады оны ағайынды ренжітпей сол үйге жақын үйлердің келіндері атқарып алатын нәрселерді алады бұл-ағайын
туыстың жақын
жуықтың бірлігін ауызбіршілігін білдіреді реті келгенше жақындары атаусыз қалмайды. Қоржыннан тауар
орамал сақина
білезік қариялардың шапан жабылатындарына шапан жабылып үлкен әжелерге камзол, қымбат дүниелер беріледі. Үлкендердің ризашылығымен батасын алады. Иә,салт-дәстүр ұлттың ұстанымы мен наным сенімінен құралып тұрмыстық дәрежесінін білдіретін құнды дүние өзге халықтан айырмашылығын білдіріп тұратын өзіндік ерекше дүние қандайда бір мереке той ас беруде,күнделікті тұрмыста қолданған осы күніде қолданып келе жатқан салтымыз бен үрдісіміз ырымдарымаз бен тыйымдарымыз белгілі бір дәрежеде адам өміріне әсері бар екені анық.
Келін түскенде
қыз ұзатарда жасалатын үрдістердің қолданылуы бірінші сақтық екені ақиқат. Бұрынғылардан келе жатқан осы ұлтымыздың өұнды дүниелері ұрпағымыз азбасын өсіп
өнсін тәрбиелі адам болсын
тұрмысы жақсы
өмірі бақытты болсын деген ниеттен туғаны шындық.
Салтымызды сақтап дәстүрімізді дәріптеп ата-ана үмітін ақтап жүрейік қазақ осы дәстүрді орындаса жастардың ажырасуы күйеу баланың келіннің қайын жұртты сыйламауы сап тыйылар еді. Күйеу мен қайын жұрттың ортасындағы сыйластықтың, келінмен ата ененің ортасындағы сыйластықтың аражігін ажыратып айтып отыратын кісілердің азайып бара жатқаныма болмаса ұят пен ибаның әлсірегені ме кейінгі уақытта аталы сыйластықтың азайып бара жатқаны ақиқат.
Замандастары-
мыздың келіндері мен күйеу балалары папа,мама деген сөзді айтатыныда бар. Жоғарыдағы дәстүрдің негізгі мақсаты жоралғылар мен кәделер арқылы екі жақтың сыйластығын, сыйластық болғанда құда
анданың ортасындағы мың жылдық күйеу мен қайын жұрттың ортасындағы жүз жылдық сыйластық ұят ибаны нығайту деп түсінеміз.
Мысалы не үшін күйеу күлдіреуіштен жоғары отырмайды. Себебі ол сол шаңырақтың қызын алып отыр ол қыз арқылы шаңырақ көтеріп ұрпағын көбейтіп,от ағасы деген атқа жетіп отыр дегендей нақтыласа тағы бір атап айтар ой Қазақтың салт
дәстүрі толық сәйкес ұқсас біртекті болуы ойланарлық мәселе оның үстіне отаршылдықтың орамынан жаздырыла қоймағанымыз тағы бар мама мен папа қалмай тұр дегендей кедергілер көп-ақ соны елбоп қолға алайық ағайын.
Наурызбай Тұрымбетов