Күйеуің неше жыл отассаң да еркелетсін десең, қылығың қыздай болсын…

Күйеуің неше жыл отассаң да еркелетсін десең, қылығың қыздай болсын. Әрбір айтқан сөзіңе сақ бол.

Еркекке тазалық, дәмді тағам, жылы сөз, ыстық сезім керек. Санассаң, өктемдік етсең, дауыс көтерсең, онда қателескенің.Отбасыдағы кикілжің мен араздық осыдан басталады.

Біздің отасқанымызға 20 жыл болып қалды. Әлі күнге дейін мақтаумен, мақтанумен, жаным-күнім деумен келеді. Оған менің құлағым да, етім де үйренген.

Қол көтермектүгілі дауыс көтерген емеспіз. Үйленген кезде екеуміздің арамызда барлық жағынан теңсіздік жоғары болатын. Қазір олай емес… Сондықтан, барлық мәселені ақылмен шешкен дұрыс. Әйел өзін қанша жерден биік сезінсе де еркектен бір саты төмен ұстауға үйрену керек. Қысқасы, татулық пен бірліктің кілті әйелдің қолында…

 

Мәриям Тасболатқызы Асанова

 Фейсбуктегі парақшасынан