Күйзелістің денсаулыққа тигізер зияны
Күйзеліс – ұзаққа созылған жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы. Мамандардың айтуынша, депрессияға және стресске түскен адамдардың 70 пайызы тығырықтан өзі шығады екен. Қалған 30 пайызы психолог мамандарына жүгінетін көрінеді. Әрине, айтуға оңай болғанымен, күйзеліске түсу біршама денсаулыққа кері әсерін тигізіп, ауруға шалдықтырады.
Күйзелістің алдын алу үшін не істеу керек? Психолог мамандарының айтуынша, күн сайын өзіңізге ұнайтын іс-әрекетпен айналысып, ләззат ала білу. Сондай-ақ, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтау керек.
Күйзеліске түсу, қаншалықты денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтырады? Бастың жиі ауруы, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, бойдағы сенімсіздік, тәбеттің болмауы немесе тамақтануға деген шамадан тыс ықыластың болуы және көп шаршап, энергияның болмауы. Осы айтылып өткендердің барлығы адамның ішкі құрылысының бұзылуында туындатады. Сондықтан да, өзіңізді кішкене нәрселермен болсын қуантып, жиі күліп жүріңіз. Себебі, жиі күлу – стрессті жеңілдетіп, өміріңізді ұзартады.
Қашанда кез келген жағдайдың жақсы жағын көруге тырысыңыз. Қиындықтарға ілінбей, денсаулығызды күтіңіз!
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі