«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Мойынқұм аудандық пробация қызметінің 2024 жылдың сәуір айының 26-28 жұлдызы аралығында «Құқықтық тәртіп» атты іс-шаралар өтті.
Қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында Мойынқұм аудандық пробация қызметі бірқатар жұмыс атқарады. Мысалы: сотталғанды есепке алған күннен бастап пробация қызметкерлері жаза өтеушілерге өтеу тәртібі мен шарттарын толық түсіндіріп, сотталғанға қатысты әкімшілік құқық бұзбау туралы және қайта қылмыс жасамау туралы заңды талаптарға бағынбау сияқты бірнеше әңгіме сұхбат жүргізеді.
Қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тарапынан болатын құқықтық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін, оларды тұрғылықты жері, әкімшілік деректер базасы және Ішкі Істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру.
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жаңадан зерделеп, іздеуде жүрген сотталғандарды мекен-жайы бойынша Мойынқұм АПБ-нің ЖПҚ-мен бірлесіп тексеру, оларға онды ықпал жасайтын ата-анасы және басқа да тұлғалар мен сұхбат жүргізу.
Сотталғандар тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар мен жаза өтеу тәртіптерін бұзу фактілер анықталған жағдайда, оларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану деген сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің жұмысын нығайта жүргізу бойынша қайта қылмыстың алдын алу іс-шаралар жұмысы жиі өткізілсе, сотталғандар тарапынан қайта қылмыс жасау фактілері болмас дейміз.
А.ТНАЛИЕВ,
аудандық Пробация қызметінің инспекторы,
әділет аға лейтейнанты.