“ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР”
Лирикалық кеште өнерпаздарға қосылып тұрғындар да ән салып, өлеңдерін жатқа оқыды. Бай мұрасымен, философиялық мәні зор Абай Құнанбайұлының шығармалары қанша уақыт өтсе де, өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Себебі Абай – қазақ үшін дара тұлға. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды лирикалық әндерін ауыл тұрғындары жарыса бірге орындады.