Күле отырыңыз!

Бір толық әйел фейримен жуынып жатыр екен. Содан үйіне құрбысы келіп:

-Ей, сен жындысың ба, фейримен ыдыс жуады ғой?! – десе, жуынып жатқан әйел:

— Фейри майды кетіреді,- деп естідім депті.

 

*************************************************************************

 

  • Үйленер алдын тақыр кедей екеніңді неге айтпадың, албасты?
  • Неге айтпадым? Айттым ғой. «Барым да, бағым да – сенсің!» деп, мұны романтика деп ойлап қалдың ба?