КҮЛІМСІРЕУ
Салы суға кетіп салбырап келе жатқан бір адамның алдынан кезіккен кішкентай қыз оған қарап күлімсірепті. Қішкентай қыздың риясыз сәби күлкісі ол адамның жүрегін жылытқаны сондай, жуықта ғана өзіне көмек жасаған бір досына рахмет айтпағаны есіне түсіп, осы әсермен досына жылы сөздер айтқан хат жазып жіберген екен.
Ол хатты алған досы қуанғаны соншалық түстеніп отырған асхананың даяшысына артық ақша беріп қайтарымын алмаған екен.
Даяшы бұрын-соңды мұндай ақша алып көрмегендіктен қуанғанынан үйге қайтар жолында үнемі қайыр сұрап отыратын шалдың қолына біраз ақша ұстатыпты!
Қайыршы шал да өте қуаныпты. Ол екі күн бойы нәр татпаған еді. «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» деп қарнын бір тойдырған соң көпқабатты үйдің подвалындағы қуысына барады. Көңілі жайланғаны сондай, далада тоңып тұрған кішкентай күшікті де жанына кіргізіп алыпты.
Күшік те шалдың жылы шырай көрсеткеніне, жылы жерге қонатын болғанына қатты қуанып, шолтыраңдап жүгіріп, еркелеп ойнап асыр салыпты.
Кенет түн ортасы ауа үйден түтін будақтап, өрт шығыпты. Түтіннің исін сезген күшік қатты шәуілдеп үріп шалды оятыпты. Шал ояна сала үстіңгі қабаттағы әр үйдің есігін тарсылдатып адамдарды оятып үйді де, ондағы адамдарды да оттан құтқарыпты.
Осының бәрі бір ғана күлімсіреп қараудың нәтижесі болатын!