Құлсарыда бір күнде жедел желіге 500-ге жуық адам қоңырау шалған
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы жедел желіге бір күн ішінде құлсарылықтардан 500-ден астам қоңырау түскен.
109 жедел желі қызметінің мәліметінше, Құлсары қаласы бойынша тұрғындардан түскен сауалдар негізінен залалды өндіру тәртібі, өтемақыны төлеу мерзімі туралы болған.
«Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желі қызметіне 4975 қоңырау келіп түскен. Тұрғындар негізінен су деңгейі, судың сапасы, бөгет салу және тараған фейк ақпараттарды анықтау мақсатында жедел желі қызметіне жүгінген», — деп хабарлайды жедел штаб.
Төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері 109 жедел желісі тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет көрсетеді.