ҚҰМДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ

Аудан әкімі аймақтағы бірқатар шаруақожалықтарда болып, қыс мезгіліне жем-шөп дайындау жұмыстарын көріп, дала төсінде қым-қуыт тірліктің бел ортасында жүрген шаруалармен жүздесті.
Жауаптылармен бірге Кеңес ауылдық округі аумағында орналасқан «Қали» шаруақожалығында болып, жылыжай кәсібін аралап көрді. Шаруашылық иесі құмдақ аймақта жылыжай кәсібін бастап, онда қиыр, қызанақ, бұрыш және де әр түрлі көкеністер өсіруде. Сондай-ақ, шаруа қожалық асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын бағуда.
Бұдан кейін Нұрбол Әбдімажитұлы Үшарал ауылының маңындағы «Ақбас» шаруа қожалығына барды. Шаруа қожалықта қазіргі уақытта мал азығын қамдау жұмыстары қарқынды жүруде.