Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Барлығыңызға белгілі өткен жылдан бастап Партия жаңғыру жолына түсті. Бүгінгі таңда Партия Жарғысына сәйкес партия органдары есеп беру-сайлау деп аталатын науқанда 2 жыл сайын атқарған жұмыстары туралы есебін беріп, алдағы 2 жылға міндеттерін айқындайды.
Осыған байланысты бүгін «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Оның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, партия аудандық филиалының ХL есеп беру-сайлау конференциясы шақырылып, делегаттардың өкілдік нормалары бекітілді, сонымен қатар алдағы уақытта өткізілетін бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесі бекітілді.
Мәселен, бүгінгі күні аудандық филиалда 19 бастауыш партия ұйымдары бар болса, Бюро бекіткен өкілдік нормаға сәйкес, аудандық конференцияға 100 делегат қатыспақ, яғни әрбір 45 партия мүшесінен 1 делегат сайлануы тиіс.
Алдағы уақытта өтетін бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында — БПҰ-ның 2021-2023 жылдары аралығында атқарған жұмыстарының есебі беріліп, БПҰ төрағасы мен Бюросының жаңа құрамдары сайланады.
Сонымен қатар, Бюро мүшелері отырыс барысында партияның ауқымды «трансформациясын» жалғастыру, кең ауқымды сайлауалды бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру бойынша партиялық жұмыстың жаңа тетіктері мен тәсілдерін енгізу, партия жобаларын табысты жүзеге асыру, сондай-ақ партия алаңында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың пікір алмасуы өзара іс-қимылын үйлестіру турасында ойларымен бөлісті.
Бюро отырысының күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Бақытжан Бекболат «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы