Күн тәртібіндегі 3 мәселе оң шешімін тапты
Ағымдағы жылдың 12 мамыры күні облыс әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Мәдібектің төрағалығымен жер комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде, 3 мәселе қаралды.
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ Бесағаш шекара бөлімшесінің мемлекеттік шекарасының қоршауларына бейнебақылау жүйесінің кабельдерін жүргізу мақсатында темір бетон тіректерін орналастыру үшін көлемі 0,3085 га жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен сұралған.
2) Жеке кәсіпкер Шонгербаев Талғат Амирхановичке Меркі ауданы Меркі ауылдық округі аумағындағы мемлекеттік жер қорынан құм-шағал қоспасын өндіру үшін жалпы көлемі 13,5 га жер учаскесін уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен 5 жыл мерзімге ұзарту сұралған.
3) «Тараз АПТА» ЖШС-не Жамбыл ауданы аумағынан Кіші-Бурыл кен орны белгісінен құмтас және әктасқа бірлескен барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу үшін көлемі 23,6569 га жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жыл мерзімге дейін беру сұралған.
Аталған 3 мәселе комиссия мүшелерімен қаралып, оң шешімін тапты.
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасы