Күнделікті дұға
Ә‘узу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халақ.
Мағынасы:
Алланың мінсіз сөздерімен¹ күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан (Аллаға) сиынамын.
Ерекшелігі:
Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а) бұл жұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек етпек:
«Бір кісі Алла елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түні бойы көз ілмегенің айтып: Кеше түнде мені бір шаян шағып алды – деді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді» — деген.
Жоғарыда келтірілгендерге қосымша айтарымыз, осы дұғаға қатысты басқа да хадистерде Пайғамбарымыздың( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды» — деп айтқаны риуаят етілген.
(Муслим, Китәбу әз-зикр; Сунәну Тирмизи, да’ауат 3359; Сунәну Ибни Мәжа, тыб 3538)
¹ Құран Кәрімде және Алла Тағаланың көрем есімдері мен сипаттары