ҚҰРАНДЫ ЖЕҢІЛ ӘРІ ЖЫЛДАМ ЖАТТАУ ҮШІН 10 КЕҢЕС
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак сөзінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренген және үйреткендерің»,[2] – деп, оның аса маңызды екенін баяндайды. Ендеше, бізде бұл мақаламызда Құранды жеңіл әрі жылдам үйренудің жолдарына тоқтала кетейік:
1. Шынайылық. Ең бірінші көңіл аударатын дүниеңіз – бұл сіздің ниетіңіз болуы керек. Егер ниетіңіз дұрыс болса, Алла қаласа, сәттілікке қол жеткізесіз. Құранды адамдар сізді танып-біліп, құрметтеуі үшін емес, тек Алла және Оның разылығы үшін жаттауға ниеттенуіңіз тиіс. Осы ниетіңіз үшін Алла Тағала ақыретте сізге сый нәсіп етеді. Есіңізде болсын, ниетіңізді әркез жаңартып отыруыңыз қажет.