ҚҰРАННАН 100 ҮГІТ

1. Дөрекі, тасжүрек болма. (3:159)
2. Ашу-ызаны жұт. (3:134)
3. Басқаларға жақсылық жаса. (4:36)
4. Өркөкірек болма. (4:36)
5 Кешірімді бол. (7:199)
6. Адамдарға жылы сөзді бол. (20:44)
7. Дауысыңды түсір. ( 31:19)
8. Басқаларды масқаралама. ( 49:11)
9. Ата-анаңды тыңда. ( 17:23)
10. Оларға қатты сөйлеме. ( 17:23)
11. Олардың бөлмесіне рұқсатсыз кірме. (24:58)
12. Қарыз алды-берді қылғанда, жазып қой. (2:282)
13. Ешкімге көзсіз еріп кетпе. ( 2:170)
14. Егер қарыздар қиын жағдайда болса, оған қосымша уақыт бер. (2:280)
15. Өсімқорлық қылма. (2:275)
16. Пара берме. (2:188)
17. Сертіңді бұзба. (2:177)
18. Аманатқа адал бол. (2:283)
19. Әділетті зорлыққа араластырма. ( 2:42)
20. Адамдар арасында әділетпен үкім жаса. (4:58)
21. Әділет үшін берік тұр. ( 4:135)
22. Қайтыс болған адамның мирасын әділетпен бөл. (4:7)
23. Әйелдердің әділ мирастан үлесі бар. (4:7)
24. Жетімдердің дүниесін жеме. (4:10)
25. Жетімдерді қорға. (2:220)
26. Біреулердің дүниесін зорлықпен жеме. (4:29)
27. Адамдармен бірге өмір сүр. (49:9(
28.Күмәннен шетте бол, ( 49:12)
29. Тыңшылық істеме, жала жаппа. (49:12)
30. Кім алла жіберген нәрсемен іс тұтпаса, олар залымдардан. ( 5:45)
31. Дүние-мүлкіңнен садақа бер. ( 57:7)
32. Әлсіздерге тамақ беруге басқаларды қызықтыр. (107:7)
33. Шын пақырларды тауып, оларға жәрдем бер. (2:173)
34. Дүниеңді ысырап қылма. ( 17:29)
35. Садақаңды міндет және азармен бекер етпе. ( 2:264)
36. Қонақтың көңілін аула. ( 51:26)
37. Адамдарды жақсылыққа шақырғанда, алдын амалды өзің жаса. (2:44)
38. Жер жүзінде бұзғындық жасама. (2:60)
39. Адамдарды мешітке барар жолдан қалдырма. ( 2:114)
40. Саған қарсы соғысқанда ғана, сен де қарсы соғыс. ( 2:190)
41. Ұрыс әдебіне де құлақ қой. (2:191)
42. Шайқаста артқа қарап қашпа. ( 8:15)
43. Дінге мәжбүр ету жоқ. ( 2:256)
44. Барша пайғамбарларға иман келтір. ( 2:285)
45. Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа барма. ( 2:222)
46. Перзенттеріңді толық екі жыл еміз. ( 2:233)
47. Зинаға жақындама. ( 17:32)
48. Басшыны қабілетіне қарап таңда. ( 2:247)
49. Ешкімнен шыдамынан артық нәрсені талап етпе. (2:286)
50. Бөлініп кетпе. ( 3:103)
51. Әлемнің жаратылысына ой жүгірт.( 4:23)
52.Еркек, әйелдер ізгі амалдар қылғанда, ажратылмай бірдей сыйлықтанады. (3:195)
53. Қаны жағынан туысқан әйелдерге үйленбе. ( 4:23)
54. Еркектер әйелдерге басшы. ( 4:34)
55.Сараң болма. ( 4:37)
56. Көре алмаушылық жасама. ( 4:545)
57. Бір біріңді өлтірме. ( 4:92)
58. Сатқындарды қорғама. ( 4:105)
59. Күнә және дұшпандық жолында қамқорлық қылма. ( 5:2)
60. Жақсылық пен тақуа жолында қамқорлық қыл. (5:2)
61. Бір жолда көпшілік болса, ол сол жолдың дұрыстығына дәлел болмайды. (6:116)
62. Әділетті куә бол. ( 5:8)
63. Ұрылардың қолын кес. ( 5:38)
64. Күнә айту мен арам таратудан қайтар. (5:63)
65. Өлімтік, қан, шошқа еті арам. ( 5:3)
66. Мас қылатын нәрселерден аулақ бол. ( 5:90)
67. Құмар ойнама. ( 5:90)
68. Алладан өзгеге табынатындарды сөкпе. ( 6:108)
69. Өлшеу мен таразыда әділетті бол. ( 6:152)
70. Жеп-іш, бірақ ысырап қылма. ( 7:31)
71. Намаз кезінде лайықты киім ки. (9:6)
72. Дәретті жүр. (9:108)
73. Пана сұрағанға пана бер. ( 9:6)
74. Алланың рахметінен үмітсіз болма. ( 12:87)
75. Алла білместен жаман амал істегендерге кешірім жасайды. ( 16:119)
76. Алла жолына даналық және жақсы уағыздармен үндеу жаса. ( 16:125)
77. Ешкім өзгенің күнәсін көтермейді. (17:15)
78. Перзенттеріңді кедейліктен қорқып өлтірме. ( 17:31)
79. Өзің білмеген нәрсеге ерме. (17:36)
80. Құдайсыз нәрседен жүз үйір. (23:3)
81. Біреудің үйіне рұқсатсыз кірме. ( 24:27)
82. Алла өзіне иман келтіргендерді қауіп-қатерден аман сақтайды. ( 24:55)
83. Жер бетінде шүкіршілікпен жүр. 25:63)
84. Дүниедегі несібеңді де ұмытпа. ( 28:77)
85. Алладан басқа ешқандай құдайға табынба. ( 28:88)
86. Еркектерге жыныстық жақындық жасама. ( 29:29)
87. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтар. ( 31:17)
88. Жер бетінде бір өзіңдей болып, көкіректенбе. (31:8)
89. Әйелдер ашық-шашық жүрмей, өзіне лайық болып, үйде отырсын. (33:33)
90. Алла барша күнәларды кешіреді. (39:53)
91. Жамандыққа жақсылықпен жауап қайтар. ( 41:34)
92. Алланың рахметінен үмітсіз болма. ( 39:53)
93. Істеріңді өзара мәслихатпен жүргіз. ( 42:38)
94. Алланың алдындағы ең құрметтілерің ең тақуалыларың. (48:13)
95. Дінде қарсыластық жоқ. ( 57:27)
96. Кімге білім берілген болса, алла оның дәрежесін көтереді. ( 58:11)
97. Мұсылман еместермен жақсы және әділетті қатынаста бол. ( 60:8)
98. Өзіңді ашкөздіктен құтқар. ( 64:16)
99. Аллаға мадақ айт. Әлбетте, алла кешірім беруші және рақымды. ( 73:20)
100. Тіленшіні жекіме. ( 93:10)

Кәрім Аппазов парақшасынан