Күреңбел ауылы пилоттық жобаға енгізілетін болады

Күреңбел ауылдық округінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары белсенділікпен атсалысты. Ауылдық округ әкімі Ғани Жұбаевтың баяндамасы, сот төрғасы Бабырхан Әбуевтың түсіндірмесінен аудан әкімі Жалғас Мұртаза ауылдық округке қатысты мәселелерге тоқталды.

-Күреңбелдіктерді толғандырған маңызды мәселе — ауызсу мәселесі. Бұл мәселе уақытша Датқаның сазындағы каналды жөндеу, құбырларды жаңалау арқылы шешімін тауып отыр. Бұл жұмыс аяқталған жоқ. Көктем шыққан соң наурыз-сәуір айларында жағасып, аяқталады.
Сонымен бірге алдағы уақытта Күреңбел ауылы пилоттық жобаға енгізілетін болады. Бұл жобаның ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеруде берер пайдасы көп,- деді аудан әкімі Ж.Мұртаза. Сонымен қатар аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарымен ұсыныстарына жауап берді.

Жуалы ауданы әкімдігі