Күресу емес, САБЫР САҚТАУ кезеңі …

Кейде өмірде:
Күресу емес, САБЫР САҚТАУ кезеңі …
Сабыр сақтау емес, КҮРЕСУ кезеңі… деген болады.
*
Адамның екі ұстазы бар:
ӨМІР мен УАҚЫТ.
Өмір бізге уақытты қалай дұрыс басқаруды,
Ал уақыт өмірді қалай бағалауды үйретеді.
Өмірдің мәні дегеніміз өмірдің мақсаты
Бұрын біз тірі қалу үшін күресіп келген болсақ, енді не үшін өмір сүретінімізге (тірі қалу) көбірек көңіл бөлетін болдық.
Сондықтан да, өмір сүру себебінің өзі мағыналы әрі құнды.
Уақыт ақшадан да құнды…
Сен көп ақша табуыңа болады…
Бірақ артық уақытты таба алмайсың…
Өмірді түсіну үшін сен өмір сүріп көруің керек…
Өмірдегі ең қиын кезең — бізді ешкім түсінбеген кезде емес, біз өзімізді түсінбеген кезде болады…
Өміріңді өзгерткің келсе, ойыңды өзгерт…
Кейде…
Кейбір нәрселер біздің өмірімізде қалмауға бұйырылған…
Өзгеріс біз қалаған нәрсе емес болса да қалайда қажет болуы мүмкін…
*
Кейде…
«Қош бол!»деп айту ең қиын болса да…
Кейде…
Кейбір өзгерістер төзгісіз қиын болса да, көп жағдайда олар сенің өміріңді сақтайтын шешім болып табылады…
«Бізді алаңдататын нәрсе деп бізге жолығып жатқан нәрселер емес, бізге тағы не жолығады екен деп ойлайтын ойларымыз болмақ»-депті бір ойшыл.
Ешқандай ойдың көңіліңді алаңдатуына жол берме, егер сенің ойыңда болмаса, ол сенің өміріңде де жоқ…
Өткенге жабыса беретін адамдар жаңа нәрсені іліп ала алмайды. Өйткені өмірдің оған әкелетін барлық тәтті нәрселерінен тиылып жүріп өкініште қалады…
Сен бұл ғалам ұсынатын барлық жақсылықтарға лайықсың, ол үшін өзіңе сенуің керек. Сенің болашағың өз қолыңда, сондықтан жай ғана араласып, тағдырың үшін жауапкершілікті өз мойныңа алуың керек…
*
Құшақ толы сүйіспеншілікті бере білу керемет, бірақ оны сүйіспеншілікпен қабылдау шынымен тіптен сиқырлы…
Күн барлық адамдар үшін шығатыны әрқашан есіңде болсын. Күн алаламайды, сынамайды, айыптамайды, байлар мен кедейлерді, ақылдылар мен ақымақтарды бөліп-жармай шуағына бөлейді. Өзін қабылдап үйренген адамды бақыт өзі тауып алады. Көзіңді ашып қара…
Кемшілігі бар сыртын емес, ішіндегі сұлулықты тауып қара. Сүйіспеншілікке толы адам тек махаббатты көреді, ал ашу мен ренішке толы адам тек сыртын ғана көреді…
Әлем сенің ойлаған нәрселеріңнің куәгерлерін саған үнемі әкеледі. Көріп тұрған нәрсеңді, саған нелер жолығып жатқанын немесе сенің өміріңде не нәрсе қайталана беретінін бақылай отырып, өзіңнің санаңда және түпсанаңда не бар екенін білетін мүмкіндікке ие боласың…
Сенің өміріңде болып жатқанның бәрі саған соны көрсетуде…