Құрмет

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні!
Бүгін 57 жыл тарихы бар аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің ұжымымен танысып, кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыс еттім.
Аудандық газет 1966 жылдан бастап шығады. Нұрасыл Сұлтанбаев басшылық ететін ұжымда 13 азамат жұмыс жасайды.
Қоғамдық пікірді қалыптастыруда үлкен рөл атқарып келе жатқан ауданның жаршысы — газет ұжымына әрқашан абырой биігінен көрініп, шығармашылық ізденіс пен мықты денсаулық тілеймін!
Сондай-ақ, кәсіби мереке күні «Жамбыл» телеранасының директоры Гүлбаршын Қайратқызын және де басқа қалам ұстаған жандарға құрмет көрсетіп, арнайы құттықтап қайттық.

Махпал Досымбекова