Құрмет

Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы әртүрлі салаларда еселі еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан бірқатар ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен арнайы барып құттықтады.
Осындай ардагерлердің бірі, ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек еткен, бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған, ауданның Құрметті азаматы Зухра Ақшекеева әпкеміз.
Жорабек Нұрмергенұлы ардагер әпкемізді Жаңа жыл мерекесімен арнайы үйіне құттықтап барып, мерекелік себетін сыйға тартты. Әпкеміздің жағдайын сұрап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Бір сәт әңгімелесіп, хал-жағдайын сұрады.
Зухра Ақшекеева аудан әкіміне алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдіріп, рахметін айтты.