ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАН

Әрбір қоғамның негізін қалаушы – ол еңбек адамы. Жұмысшы мамандықтары өздерінің маңызы мен күрделілігі бойынша ерекше орын алады. Бұл адамдардың бейнесі біздің күнделікті өмірімізде аса маңызды рөл атқарады. Олар – құрылысшылар, механиктер, энергетиктер, қолөнершілер және тағы да басқа мамандықтардың иелері. Осы орайда Мойынқұм медиа орталығы Айдарлы ауылында өз еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жатқан Нұрбек Шашубай туралы видеосюжет әзірледі.
Әр мамандықтың артында қаншама еңбек, шыдамдылық пен кәсіби шеберлік тұр! Олар өз жұмысы арқылы қоғамның тұрақтылығы мен дамуына үлкен үлес қосып келеді. Жұмысшы мамандықтарын таңдаған азаматтар – біздің болашаққа жасайтын қадамымызды күшейтушілер!
Еңбек адамдарына деген құрметіміз мәңгі болсын!
Айдос ҚОСЫБАЙ,
Мойынқұм ауданы