Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының прокуратура қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Прокуратура — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегі. Азаматтардың бостандығы мен әлеуметтік — экономикалық құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңіз әрдайым бағаланады.
Елдегі конституциялық тәртіп пен мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етуде Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол.
Сіздерге мықты денсаулық, қызметте абырой, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Сарысу ауданының әкімі
Сәкен Мамытов