Ақпарат 🔰Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 13.11.2024 Елана 16 қараша, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде облыс аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылады. Жәрмеңке Әлеуметтік базар алаңында, Жамбыл даңғылы, 18 Д мекенжайында өтеді. Тараз қаласының әкімдігі