Курорты аймақты дамытудың мүмкіндіктері қарастырылды….

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына іс сапарымен болды. Үкімет басшысы  Бурабай ауданының «Есіл Агро» ЖШС мен Көкшетау қаласындағы өндіріс және әлеуметтік ұйымдардың жай күйімен танысты. Сапар барысында өңірдің даму қортындыларын пысықтап, Щучинск –Бурабай курорты аймақты дамыту мақсатында кездесулер өткізді.

Үкімет Басшысының сапар басын  Бурабай ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі  «Есіл Агро» ЖШС-інің мал шаруашылығы кешенінің тіршілігімен танысып, серіктестік дайындаған сүт  және  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады. Одан соң  Үкімет Басшысы аталмыш  шаруашылықтың егіс алқабында болып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының биылғы жылғы егін шығымдылығы, орақ науқаны  жайындағы есебін тыңдады.

Үкімет Басшысы келесі кезекте   Бурабайда салынып жатқан ірі халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндігі бар республикалық шаңғы базасының құрылысымен танысты. . Жоба құны  15,1 миллиард теңгені құрайды.

«Әлем» қонақүйінде курортты аймақтағы туризмді дамыту жайында  мәжіліс болып, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмнің қазіргі жайы мен болашақ даму бағдары жөнінде баяндама жасады. 2017 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумның туризмнің бәсекелестікке қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан әлемнің 136 елінің арасында  81, 2015 жылы  85 орында, ал  2011 жылы  93-ші орында болғандығын ескерсек, Қазақстан туризмі жыл санап ілгерлеп кел келе жатқанын байқалады.  Кеңесте бірненше мақсаттар алға қойылды. Отандық туризмнен  түсетін табыс көлемі 2025 жылға қарай  жалпы ішкі өнімнің 8 пайызына жету.  Туризм саласына кәсіпкерлерді белсенді тарту, яғни, туризмнің дамуы отандық бизнестің дамуымен қатар жүрмек. Елбасы тапсырмасы бойынша биылҮкімет 2023 жылға дейінгі мерзімге арналған Қазақстанның туризм саласын дамыту тұжырымдамасы қабылданған болатын.  Онда саланы дамытудың алты басым бағыты айқындалған. Онда, «Табиғат және көшпенділер мәдениетінің бірлігі» кластеріне Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының көшпенділер мәдениеті мұралары енгізілді. Бурабай курортты аймағы осы кластердің негізгі өзегі болады.

«Табиғат және көшпенділер мәдениетінің бірлігі» кластерін негіздеп, халықаралық дәрежедегі спорттық, мәдени, балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі шаралар, фестивальдер мен конкурстар өткізіліп тұратын болады. Мәдениет және спорт министрлігі осы бағытта жұмыс  жасайды.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин курортты аймақты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Аймақ басшысының айт­уынша, Мемлекет басш­ысы Нұрсұлтан Назарб­аевтың «Щучинск-Бурабай курортты айм­ағын дамыту» мемлекеттік бағд­арламасын  жүзеге ас­ыру үшін ҚР Үкіметі және Ақмола облысының әкімдігі тарапынан мақс­атты жұмыстар жүргіз­ілуде.  «Жоба бойынша 2012-2­013 және 20­14-2016 жылдарға арн­алған екі кезеңдік бағдарлама  жүзе­ге асып,  нәтижесінде  43 жоба аяқталып, 12 миллиа­рд теңге қаржы игері­лген. Биыл инфрақұрылым бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін 5,4 миллиард теңге бөлініпті Мәліметтер­ге жүгінсек, соңғы 6 жылда Ақмола облысы­на келетін туристер саны 2 есеге артып, туристік қызмет көле­мі 5 есеге  ұлғайған. Жаз маусымында турис­тер саны 500 мыңнан асса, ал, жыл ішінде 1 миллионға жетеді. Жалпы, 2011-2016 жыл­дары облыста туризм  саласы  бойынша  де­малыс индустриясы жоб­асына 24 миллиард те­ңге инвестиция тарты­лып, 49 жоба жүзеге асыпты.

Бүгінгі күні   ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысушылар мен қонақтарына  курортты аймақтың 100 демалыс нысандары  есігін айқара ашып отыр. Оның 95 Бурабай, 4 Зеренді  және 1 Қорғалжын өңірінің аумағында орналасқан. Курортты аймақты дамытуға арналған бес бағыттан тұратын  жоба бойынша Шабақты көлі аум­ағын көпшілік демала­тын орынына ,  Щу­чье көлі аумағын пре­миум-класты туризм аймағына айналдыру,  Қа­таркөл көлі аумағында ат спорты және бал­алардың сауықтыру ту­ризмі, Сарыбұлақ ауы­лында экоауыл құру, Жүкей көлінің аумағы­нда кемпингті дамыту сияқты жобалар бар.
Мәжілісте, еліміздегі туризм саласын дамытудың болашағы жайында Қазақстан туристері ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, «Зерен нұр» ЖШС-і директоры, Ақмола облыстық туристік бизнес ассоциациясының төрағасы Қайрат Сұлтанов саланы дамытуға қатысты ұсыныстар келтірді.

Бұдан соң Үкімет басшысы Көкшетау қаласына ат басын бұрып, облыс орталығындағы   еңбекпен қамту орталығы қызметімен танысты. Еңбекпен қамту орталығында   Бақытжан Сағынтаев операциялық залды аралап, қызметкерлермен әңгімелесті. Мекеме директоры Ерік Мұратбеков өңір тұрғындарын еңбекпен қамту жайлы таныстырды.

2017 жылы орталықтың жәрдемдесуімен 706 адам еңбекпен қамтылып, 90 жуық адам кәсіп игеріп, 33 адам жастар іс-тәжірибесін игерген. 2017 жылдың І тоқсанында Ақмола облысында 7 420 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 4 055, уақытша және маусымдық жұмыс орындарымен – 3 162, қоғамдық жұмыспен төленетін жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 2 066 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды.

Үкімет Басшысы облыс әкімшілігінде, облыс кәсіпкерлерімен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді талқылады. Кездесу барысында қатысушылар туристік саланы дамытуға бөлінген қосымша қаражаттың бөлінуін, сауда нарықтарын жаңғыртуды, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыруды, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыруды, елді мекендердің бас жоспарын түзетуді, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту жайында өңір кәсіпкерлері,өз ой-пірлерін ортаға салды.  Көтерілген мәселелерге орай ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Алик Айдарбаев және ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов түсінік берді. Кездесу аясында  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және  «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру мәселелері, бизнес ортаны дамыту, шағын несиелендіру, кәсіби және техникалық білім беру, сонымен қатар жұмыссыздарды оқыту мәселелері қозғалды. Кездесуден соң Үкімет басшысы  «Тыныс» АҚ-ның тыныс тіршілігімен танысты.

 

                                                              Дахан Шөкшир