Құрылымдық мекемелердің жұмыстары бақылауда
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты бірқатар құрылымдық мекмелердің күнделікті жұмыстары басқарма тарапынан зерделенді.
Соның ішінде
— Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында бүгінгі таңда 19 мүгедектігі бар балалар әлеуметтік қызметттер алуда. Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 28 бейнекамера толық жұмыс атқарады.
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында жалғызбасты қарттар толық мемлекет қамқорлығына алынып, оларға 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Бүгінгі таңда 70 орындық Орталықта 68 қызмет алушы, 47-і ер, 21 әйел( 1-ші топ мүгедегі 9 адам , 2-ші топ мүгедегі 11 азамат). Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 48 бейнекамера толық жұмыс атқарады.
Зерделеу жұмыстарымен асхана жұмысы, ішкі және сыртқы санитарлық тазалық жұмыстары, ғимаратты жылумен және электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері, бейне камералардың жұмыс атқаруы, тұрғындардың тұрмыс жағдайлары қамтылды.
Күнделікті ас мәзірі дайындалып, қызмет алушылар соған сәйкес тамақтандырылуда. Тұрғындардың бөлемелері қажетті мүліктермен толық қамтамасыз етілген. Ішкі-сыртқы тазалығы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Орталық ғимараты орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылытылады. Қысқа дайындық жұмыстары толық жүргізіліп, жылу 13-қазаннан бастап берілген.
Зерделеу жұмыстары нәтижесінде Орталық басшылығына Орталықтар ауласында жиналған қоқыстарын шығару тапсырылды.
Құрылымдық мекемелердің жұмыстары тұрақты бақылауда бола бермек.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы