Күш-қуатыңызды арттыратын өнімдер
Өзімізді шаршаңқы сезінгенде көбіміз ас үйге барып, бір шыныаяқ кофе ішеміз. Иә, кофеин аз уақытқа болса да күш береді. Алайда күш-қуатымызды арттыру үшін тек кофемен шектелмеуіміз керек. Көңіл-күйімізді көтеріп, шаршағанымызды басатын шипалы өнімдер де бар.
Миндаль майға, ақуызға, көмірсутекке бай, онда Е дәрумені, В тобының дәрумендері, сондай-ақ, мырыш, мыс, темір, марганец бар. Миндаль жаңғағы – ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек.
Қара шоколадта қуат көп. Жүйкеге оң әсерін тигізіп, өзімізді жақсы сезінуге себепші болады.
Анардың құрамында кальций, магний, калий, марганец, кобальт, А, В, С, Е, Р дәрумендері бар. Тәбетіңізді ашып, күш-қуатыңызды арттырып, түрлі инфекцияға қарсы төтеп беруге көмектеседі. Күніне 1 стакан анар шырынын немесе жарты анар жесеңіз жетеді.
Қызыл бұрыштың холестерин түсіруші, асқазан қышқылдарын реттеуші және микроп өлтіруші әсерлері бар. Ас қорыту жүйесінің досы. Асқазан жалқаулығын жояды және тәбетті ашады. Жұмысқа деген құмарлықты оятады.