ҚҰТ ӘКЕЛЕР ҚҰС ФЕРМАСЫ
Мойынқұм ауданы әкімі Әлихан Балқыбеков бірнеше ауылдық округте болып, округтердегі іс-шараларға қатысты. Осы күні аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы өзінің орынбасары Ержан Әмірхановпен бірге Кеңес ауылдық округіндегі «Мойынқұм құс» тауық фермасының жұмысымен танысты.
Онда жеке кәсіпкер Батырхан Тайбағаров өзінің атқарып жатқан істері туралы жан-жақты түсіндіріп, қажетті көмегін сұрады.
– Бұл ферма жұмыртқа өндіру бағытындағы тауық фермасын ашуды жоспарлап, бүгінде құрылысын бастап кеттік. Жобаның қуаттылығы – күніне 4,5 мың дана жұмыртқа шығаруға жетеді.
Жоба 10 адамды тұрақты жұмыспен камтып, орташа есеппен айлық жалақысы 90 мың теңгені құрамақ. Қазіргі таңда екі адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз. Қажетті құралдарды қамтамасыз етіп, 2 қора-жай салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ферма жетекшісі Батырхан Тайбағаров.
Өз кезегінде аудан әкімі Ә.Балқыбеков құрылыс жұмыстарын аралап, қажетті құрал-жабдықтарын көріп, фермаға қатысты мәселелерді талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, істеріне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков бірнеше ауылдық округте болып, округтердегі іс-шараларға қатысты. Осы күні аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы өзінің орынбасары Ержан Әмірхановпен бірге Кеңес ауылдық округіндегі «Мойынқұм құс» тауық фермасының жұмысымен танысты.
Онда жеке кәсіпкер Батырхан Тайбағаров өзінің атқарып жатқан істері туралы жан-жақты түсіндіріп, қажетті көмегін сұрады.
– Бұл ферма жұмыртқа өндіру бағытындағы тауық фермасын ашуды жоспарлап, бүгінде құрылысын бастап кеттік. Жобаның қуаттылығы – күніне 4,5 мың дана жұмыртқа шығаруға жетеді.
Жоба 10 адамды тұрақты жұмыспен камтып, орташа есеппен айлық жалақысы 90 мың теңгені құрамақ. Қазіргі таңда екі адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз. Қажетті құралдарды қамтамасыз етіп, 2 қора-жай салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ферма жетекшісі Батырхан Тайбағаров.
Өз кезегінде аудан әкімі Ә.Балқыбеков құрылыс жұмыстарын аралап, қажетті құрал-жабдықтарын көріп, фермаға қатысты мәселелерді талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, істеріне сәттілік тіледі.
Мойынқұм ауданы