КҮН ТӘРТІБІНДЕ ДІНИ АХУАЛ

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен аудандағы діни ахуал бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелері, ауылдық округтердегі дін мәселесіне жауапты мамандар қатысты.
Отырыс барысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі аудандағы діни мәселелер тақырыбында баяндама жасап, дін саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар аудан аумағындағы дін саласы өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру топтарының міндеттерін атап, өңірдегі мемлекеттік тіркеуден өткен бірлестіктерді таныстырды.
Статистикаға сүйенсек 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында білімгерлер мен оқушылар, түрлі сала қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен барлығы 38 іс-шара өткізіліп, тәлім-тәрбие, отанды сүю, суицид және де отандық діни білім алудың тиімділігі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері туралы кеңінен түсіндірілген.
Ал, ақпараттандыру бағыты бойынша аудандық «Сарысу» газетіне діни тақырыптағы 7 мақала жарияланса, әлеуметтік желіге діни мазмұндағы 75 материал жүктелген.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі