Күнәнің үш бастауы…

1. Тәкаппарлық

2. Құмарлық

3. Хасад ХАСАД дегеніміз қызғаныш, көре алмаушылықтың бір түрі, біреуден көрген бір нәрсенің одан кетіп сенде болуын қалау. Мысалы байлық, даулет, сұлулық т.б. Сонымен қатар, өзіңді біреуден артық жағдайда болуды қалау, біреудің үстінен қарап, содан артық екеніңді сезінгің, сездіргің келуі. Мынау байып, жақсы жұмысқа тұрып өзінще болып қалыпты, шіркін мен осыдан асып түсіп, оданда мықты болсам, оған үстінен қарасам, деген қиялдың өзі осы ХАСАДқа әкеледі. Алға ұмтылып, жетістікке жету бір бөлек, ал сол жетістікке біреуден артық болу үшін ұмтылу бір бөлек нәрсе. Расында адамның жауы тек өзінде, әркімнің бойында өмір бойы күресіп өтуге жеткілікті кемшілік бар. Ақиқатты мойындап, өзін жеңіп, нәпсілерін тізгіндеген құлдарынан болуды, Алла біздерге нәсіп етсін ! Әмин …

Əсем Көчербаеваның фб парақшасынан