КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ
Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев Гвардейск гарнизонының жеке құрамымен «Күшіміз бірлікте!» атты әскери-патриоттық акциясын өткізді.
Акцияның ашылуы мемлекеттік Әнұранымыздың орындалуымен басталды. Әскери-патриоттық акциясы әскери қызметшілердің бойындағы патриотизмді арттыруға бағытталды. Айтулы шараға әскери қызметшілер, Ауған соғысының ардагерлері, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері қатысты.
Әскери-патриоттық акцияның мақсаты – жеке құрам арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын арттыру және жауынгерлік басқару мен әскери тәртіпті нығайту жүйесін бірыңғай түсінуіне қол жеткізу.
Шара барысында қаңтар оқиғасында міндеттерін атқару барысында қаза болған әскери қызметшілерге бір минуттық үнсіздік жарияланып, оларды еске алды. Сондай-ақ генерал-майор Серік Борамбаев өз сөзінде елімізде орын алған қаңтар оқиғасы туралы баяндама жасап, әскери қызметшілерге «Қаңтар қасіреті» тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы ерлік көрсеткен әскери қызметшілерді үлгі етіп, жеке құрамды қызмет барысында міндеттерін адал атқаруға және оларды отансүйгіштікке шақырды. Сонымен қатар әскери қызметшілер мен қонақтарға көрме ұйымдастырылды. Онда Алматы қаласының әскери тарихи мұражайынан әкелінген Ұлы Отан соғысынан бері сақталып келе жатқан әртүрлі әскери көне заттырын мұражай қызметкерлері таныстырып, тарихи мәлімет берді.