КҮЗДІК

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Әіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр.

Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі – күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі.

Келесі жылдың өніміне егілетін күздік бидайдың көлемі 160,0 мың гектарға жуық.
Өңірдегі арнайы тұқым шаруашылықтары арқылы 3163 тонна сапалы тұқым сатылымға шығарылды.

Жалпы қолдағы бар тұқым 30,0 мың тоннаға жетіп қалады.
Тұқым сапасы қадағаланады.

Егіс басында мамандармен ішінара зерттеулер жүргізілетін болады.

Қанатбек Мәдібек,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары