Күзгі жантақтың шипасы күшті
Полиартрит болса, күзде күнде кешке жантақты сөгімен қайнатып, ванна қабылдау керек.
Менің інімнің буындары ісіп, солай ауырған. Түрлі аурухана жағалап, ұзақ емделгенмен ем қонбады. Ақырында үйге көтеріп алып шықтық. Аяқ-қолы істемей қалды. Содан анам жылап-еңіреп, өзі ем жасады. Деле кзіп шөп терді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Күнде жантақтан ванна дайындап, соғн түсіреді. Шыққасын жас балаша көрпеге құндақтап тастайды да, ыстық сорпа береді. Інім осы емнің арқасында 1,5 айда құлан-таза айығып кетті. Аурудың ізі де жоқ. Бүгінде үйленіп, төрт баланың әкесі болған. Ал біз жантақтың осы емдік қасиетін әлі күнге айтып жүреміз.
Табиғат КАМАЛҚЫЗЫ.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.